+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды

2018 жылғы 19 қараша 13:00
Бөлісіңіз:
10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстан аумағы арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында сөз алған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстан арқылы жалпы транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі тұрақты өсіп отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл барлық бағыттар бойынша жиырма футтық эквивалентте 536 мың транзиттік контейнер тасымалдау жоспарланған», - деді ол.

Министрдің дерегінше, биылғы 10 айда Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымал салмағы жиырма футтық 411,5 мың контейнерді құраған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 49 пайызға артық.

«Контейнер саны бойынша Қытай-Еуропа-Қытай бағытында жыл сайын екі есе өсім қамтамасыз етілуде. Бұл бағытта биылғы 10 айда 235,5 мың жиырма футтық контейнер тасымалданып, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 54 пайызға артты. Жыл соңына дейін жоспар орындалады деп күтілуде»,- деді Жеңіс Қасымбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT