10 айда Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды - Жеңіс Қасымбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 10 айында Қарағанды облысына 530 млрд теңге сомасында инвестиция тартылды. Бұл туралы аталған өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 83%-ы жеке меншік. Осы орайда өңірде 12,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 45 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жыл соңына дейін 11 жаңа өндіріс іске қосылады. Бұл өз кезегінде 2,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бүгінде өңір экономикасы дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамиканы көрсетуде. Облыстың ЖІӨ-дегі өнеркәсіп үлесі 50%-дан асады. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,4 трлн теңгені құрап, 2,4%-ға өсті. Оның ішінде өңдеу секторы 4,6%-ға артты», - деді Ж. Қасымбек ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, облыс басшысы аймақтағы өнеркәсіп орындарының штаттық режімде жұмыс істеп жатқанын айтты.

«АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыс» жүйе құрушы кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ретте әлемдік нарықтарда мыс пен болат құнының өсуі байқалады. Жыл қорытындысы бойынша оң динамиканы 103%-ға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда«, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар