10 ақпанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 ақпанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00 -де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың халықпен есепті кездеуі өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу онлайн-форматта өтеді және бас қала әкімдігінің YouTube және Facebook-тегі аккаунттарында, Астана телеарнасы мен Tengrinews порталында тікелей эфирде көрсетіледі.

11.00-де Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат–колледжінде даңқты қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150-жылдығына арналған салтанатты шара өтеді. Онда белгілі спортшы Сергей Цырульниковтың арнайы бағдарламасы көрсетіледі. Шараның ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысады.

11.00-де қалалық кәсіпкерлер палатасында қалалық прокуратура басшылығы және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ZOOM конференция форматында кездесу өтеді. Тақырып: «Елордалық дәмхана мен мейрамханалар иелері мониторинг тобы тексеруінде қандай қиындықтармен кездеседі?».

11.00-де онлайн режимде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысы өтеді. Шара барысында агенттіктің 2020 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңдегі міндеттері және оларды іске асыру жоспарлары талқыланады. Алқа отырысының онлайн көрсетілімі агенттіктің «Facebook» және «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі аккаунтарында қолжетімді болады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев. Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook .

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Бектемірованың (1958-2013ж.ж.) «Таңдамалы шығармалар» кітабының тұсаукесері және жеке заттарының музей қорына тапсырылу рәсімі өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай»тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook .

АЛМАТЫ

11.00-де қалалық №6 кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «100 жыл жырлаған жүрек» әдеби-музыкалық кеші өтеді.


Соңғы жаңалықтар