10 ақпан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1946) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген.

1974-1976 жылдары - «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі. 1976-1979 жылдары - «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыкалық жетекшісі. 1975-1984 жылдары - Қазақ теледидары музыкалық редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен «Тамаша», «Халық - талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984-1997 жылдары - Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. 1997 жылдан «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасының, «О, дүние» кантантасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әннің авторы.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

58 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Жаңылысқызы СҮЛЕЙМЕН дүниеге келді.

Алматы облысы Ақсу ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған облысы Ақсу тәжірибе шаруашылығының жұмысшысы болып бастаған. 1983-1985 жылдары - Талдықорған облысы Чапаев орта мектебінің мұғалімі, директордың орынбасары. 1986-1990 жылдары - Талдықорған облысы Ақсу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1992 жылдары - Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтының студенті, Мәскеу қаласы. 1992-1994 жылдары - Талдықорған облыстық Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы. 1994-1997 жылдары - Талдықорған облыстық Жастар істері, спорт және туризм жөніндегі басқарма бастығының бірінші орынбасары. Талдықорған қаласы әкімі аппаратының Ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы. 1998-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметін атқарады.

2015 жылдан бері қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1970) кинорежиссер, суретші, сценарист Рүстем Жарасқанұлы ӘБДІРАШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Ол Алматыдағы көркемсурет училищесін «театр суретшісі» мамандығы бойынша тәмамдап, кино саласындағы жұмысын да суретшіліктен бастады. Рүстемнің суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері - Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Рүстемді Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты. ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Рүстем Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады. Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссер «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін де, «Ең үздік режиссура» номинациясын да («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды» да, т.б. талай фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді.

«Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды. Президент стипендиясына ие болған. ҚР жастар сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының, Киносыншылардың халықаралық «ФИПРЕССИ» сыйлығының лауреаты, көптеген кинофильмдері фестивальдарда жүлдегер болды.

44 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Жолдасбекұлы НҰРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Құқық және экономист мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолы: оқытушы (1994-1995); орта мектеп директорының орынбасары (1996-2002); Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі (2002-2005); Жарма ауданы әкімінің көмекшісі (2005-2009); Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары (2009-2011); Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы (2011-2015); ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (2015); «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы (2015-2017); Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2017-2018). Қазіргі қызметінде 2018 жылдың қарашасынан бері.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар