+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

10 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2020 жылғы 20 қараша 12:32
Бөлісіңіз:
10 адамды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда 10 адамды өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды Балқаштан заңсыз балық аулау фактісі бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, С. есімді ер адам 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын «Қара бүркіт» қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Жақында оның тағы екі әйелдің өліміне қатысы бар екені анықталып, дәлелденді. Осы іске қатысты бүгін сот шешім шығарды.

«2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ның пәтерлерін иемдену мақсатында олардың сеніміне кірген. Сол жылдың қазан айында Б. мен К. есімді әйелдерді жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен сотталушы мен тағы басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқалы пәтерлерді сатқан», - делінген соттың хабарламасында.

Алқабилер сотының шешімімен cотталушы Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, «а, ж, з» тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған қайтадан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT