10-11 қаңтар күні Атыраудағы барлық оқушы онлайн оқиды

Фото:
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 10-11 қаңтар күні барлық мектеп оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10-11 қаңтар күндері 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды»- делінген облыстық білім беру басқармасының хабарламасында.
Бұған дейін хабарланғаандай, 10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшірілді. Сонымен қатар бірнеше өңірде 40 градусқа дейін аяз болатындығы ескертілді.
Соңғы жаңалықтар