10.00-дегі жағдай: Сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы дауыс берді - ҚР ОСК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар күні сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 11,6 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 10,2, Ақтөбе облысы - 9,9, Алматы облысы – 11,3 Атырау облысы - 10,3, Батыс Қазақстан облысы – 12,7, Жамбыл облысы – 12,8, Қарағанды облысы – 10,4, Қостанай облысы – 11,2, Қызылорда облысы – 10,3, Маңғыстау облысы – 8,7, Павлодар облысы -14, Солтүстік Қазақстан облысы - 14,9, Түркістан облысы - 13,1 Шығыс Қазақстан облысы - 12,1, Нұр-Сұлтан қаласы - 10,8, Алматы қаласы - 9,7 Шымкент қаласы - 14,4 пайыз», - деді Ерлан Дауылбаев.

Оның атап өтуінше, дауыс берушілердің сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00, 14.00, 16.00, 18.00 және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22.00-де беріледі.



Соңғы жаңалықтар