1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында отшашу бола ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай елордада отшашу болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елорда аумағында отшашу жоспарланып отырған жоқ», - деді Ақмарал Олжабаева.

Айта кетейік, City Transportation Systems (CTS) компаниясының ресми мәліметінше, 1 желтоқсан күні елорданың қоғамдық көліктері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ м ейрам күнінде елорданың сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын жалғастырады. Бұл нысандарға сенбі күні де жұмыс істеуге рұқсат бар. Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда үйлері, сауда, ойын-сауық орталықтары сенбіде сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Жексенбі күні олардың жұмыс істеуіне тыйым сақталады. Келушілер маска тағуы, әлеуметтік қашықтықты сақтауы, термометриядан өтіп, антисептиктер мен санитайзер қолдануға міндетті.


Соңғы жаңалықтар