1 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2021 жылғы 30 қараша 20:30

1 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Тұңғыш Пезидент күніне орай «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» тақырыбында иллюстративті кітап көрмесі өтеді.

16:00-де «Астана» концерт залында «Алдараспан» театрының жаңа мерекелік бағдарламасы қойылады.

17.00-де «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері тыңдарман назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» мерекелік концертін ұсынады.

19:00-де «Алау» мұз сарайында жаппай сырғанау маусымы ашылады.

19:00-де «Жастар» театрында Нұрқанат Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» туындысы көрермен назарына ұсынылады.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT