1 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 1 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

137 жыл бұрын (1885-1949) геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-і еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Николай Григорьевич КАССИН дүниеге келген.

Ресей Федерациясында туған. Петербор тау-кен институтын бітірген.

1913-1917 жылдары - Қазақстандағы геологиялық партиялардың геологы, коллекторы. 1917-1935 жылдары - Қазақ КСР Геологиялық комитетінің геологы, аға геологы. 1935-1941 жылдары - Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу және геологиялық іздестру институтының сектор меңгерушісі, аға геологы. 1941-1942 жылдары - Қазақ геологиялық басқармасының Қазақстан геологиясы бойынша консультанты. 1942-1949 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Геология академиясы институтының аға ғылыми қызметкері, консультанты қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан жерінің геологиялық құрылымын зерттеуге, оның шикізат қорын игеруге арналған. Ол петрография, стратиграфия, геотектоника, металлогения, геоморфология, гидрогеология саласында жұмыс істеп, минералогия және палеонтологиямен де шұғылданған. Қазақстанның геологиялық картасын тұңғыш жасаушылардың бірі, сондай-ақ, Рамазан Борукаевпен бірге Бозшакөл мыс кенін тұңғыш ашқан. «Медные месторождения Северо-Восточного Казахстана» (бірлесіп шығарған), «Вулканизм Казахстана», «Металлогенические процессы Казахстана в связи с его структурой и вулканизмом», «Основные проблемы геологии Казахстана», «Материалы по палеографии Казахстана», «Развитие геологических структур Казахстана» атты еңбектері жарық көрген.

1-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

4 5 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы ШАҚҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, ғалым инженер.

Еңбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ заң кеңесшісі қызметінен бастаған. ҚР Мемлекеттік материалдық қорлар агенттігінің «Резерв» РМК бөлімінің басшысы, ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстандық метрология институты» РМК директоры болып жұмыс істеді. 2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. 2016 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2018-2019); Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2019-2020). Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі, ҚР Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (2020-2022).

Қазіргі лауазымында – 2022 жылғы қазаннан бастап


Соңғы жаңалықтар