1 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 1 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Архангелька ауылында туған. 1987 жылы Петропавл педагогикалық институтын, 2001 ж. – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2007 ж. – Орталық Азия университетін бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Покровка СПТУ-8-де тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1989 жылдан 1992 жылға дейін Петропавл қалалық комсомол комитетінің идеологиялық бөлімінің нұсқаушысы, оқытушылық қызметпен айналысқан; 1992 жылдан 2004 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді: облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма, облыс әкімі аппараты, «Петропавлдағы шағын кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық-көрме орталығы» филиалының директоры; 2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Агенттіктің аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, осы басқармасының мемлекеттік қызмет бөлімінің бастығы. 2011 жылдан 2015 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; 2015 - 2018 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Агенттіктің аумақтық басқармасының консультанты, Агенттіктің Мемлекеттік қызметіндегі бақылау департаментінің бас консультанты. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 және 25 жыл толуына орай мерейтойлық медальдармен, ведомстволық төс белгісімен марапатталды.
Қарағанды облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, ғалым инженер. Еңбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ заң кеңесшісі қызметінен бастаған. ҚР Мемлекеттік материалдық қорлар агенттігінің «Резерв» РМК бөлімінің басшысы, ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстандық метрология институты» РМК директоры болып жұмыс істеді. 2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. 2016 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2018-2019); Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2019-2020).
Атқаратын лауазымында – 2020 жылғы қарашадан бастап.
- Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы
- Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
- 21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- 2020 жылы тұрғындардың 720 мың өтініші қаралды – Болат Төкежанов
-
Медициналық сақтандыру жүйесі кімдерді қамтыды – Басқарма төрағасының жауабы
-
Павлодар облысында «Қазақ тілі QR-код» жобасы іске қосылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам