1 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен республикалық «ЖАС КІТАПХАНАШЫ - 2022: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» іскерлік кездесуі өтеді.

10.00-де Оқушылар сарайында «Тәуелсіздік дәуірі» атты Ұлттық олимпиаданың финалы өтеді. Еліміздің барлық өңірінен 20 финалист елордаға жиналады.

11.00-де АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына АИТВ орталығының директоры С.Әбдірайымов пен орталықтың мамандары қатысады.

11.00-де Ramada by Wyndham қонақ үйінде 2022 жылы Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесінің жүзеге асырылуы туралы брифинг өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның негізгі ережелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Миятов Қайрат Исатайұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де қала мәслихатында Депутат күні өтеді. Күн тәртібінде «0-18 жас аралығындағы балалардың шығармашылығын ваучерлік қолдау» талқыланады. Отырыс мәслихаттың Facebook аккаунтында онлайн өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).

19.00-де Конгресс орталықта Ялла тобының концерті өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.

19.00-де Жастар театрында «Мінсіз бейтаныс адамдар» спектаклі көрсетіледі.


Фото: www.istockphoto.com

Соңғы жаңалықтар