1 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 тамыз күні Қазақстанда өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.    

АСТАНА

Сағат 09.00-де «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ базасында ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цой, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы  Ю.В.Пя, «Ұлттық ғылыми кардихирургиялық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары М.С.Бекбосынованың қатысуымен,  Астана қаласында бірінші рет пациентке толығымен жасанды жүрек имплантациясынан кейін жүргізілген ортотопиялық жүрек трансплантациясы туралы баспасөз мәслихаты  өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қазақстандық суретші Болат Мұхамедиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған жеке көрме ашылады. Көрме Халықаралық шығармашылық симпозиум аясында, бірқатар шетелдік суретшілердің қатысуымен өтеді.


                                                                          АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де Тұран университетінде көшеттерді күтіп-баптау мен қорғау ережелерін талқылау жөнінде жұмыс тобының отырысы өтеді.   

16:00-де «Арман» кинотеатрында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен жарыққа шығарған қысқаметражды фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады.  

 

Соңғы жаңалықтар