+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

1 шілдеге дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде медициналық сақтандырылған болып саналады

2020 жылғы 1 сәуір 18:30
Бөлісіңіз:
1 шілдеге дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде медициналық сақтандырылған болып саналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов 1 шілдеге дейінгі шартты медициналық сақтандыру талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 сәуірден бастап, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық іске қосылуы керек еді. Алайда, коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берді. Осы тапсырмаға сәйкес, 1 сәуір мен 1 шілде аралығында барлық тұрғындар өзінің әлеуметтік немесе сақтандыру мәртебесіне қарамастан, кез келген тегін медициналық кепілдендірілген көмек пен МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті ала алады», - деді А. Жұмағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қор басшысының айтуынша, 1 сәуір мен 1 шілде аралығында кез келген қазақстандық шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Яғни, кез келген қазақстандық Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен Тегін медициналық кепілдендірілген көмек тарапынан қызмет алуға құқылы.

«Бұл - шамамен 2,5 млн астам азаматты қолдау жүйесі. Экономикалық жағдайға байланысты бұл көрсеткіш әлі де көбеюі мүмкін. Бұл бағытта қор тарапынан 20 млрд астам теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат қордың ішкі резервтерінен алынады», - деді А. Жұмағұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT