Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

1 шілдеден ІІМ қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді

2022 жылғы 22 маусым 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлене бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қосымша ақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 Қаулысында көзделген. Қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулыға сәйкес, Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медицина қызметкерлеріне базалық лауазымдық айлықақыға 40-тан 540 пайызға дейін ақы төлеу көзделген.

Үкімет Қаулысының толық нұсқасымен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер порталынан танысуға болады.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары