1 шілдеден бастап ішкі істер органдарында жалақы қалай көтеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілдесінен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы бүгін Ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 1 шілдеден бастап патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға, жедел-тергеу құрамы қызметкерлерінің жалақысы 55 пайызға, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жалақысы 25 пайызға, қалған қызмет өкілдерінің жалақысы 20 пайызға артатын болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тұрғын үй өтемақысын алуға құқығы бар қызметкерлер санатының тізілімі де кеңейтіледі. Бұған дейін мұндай жеңілдікті 6 мың қызметкерлер алса, алдағы уақытта олардың саны 15,5 мыңға жетеді.

«150 мың қызметкері мен әскери қызметшісі бар Ішкі істер министрлігі ең ірі әрі қызмет саласы көп мемлекеттік орган саналады. Біз баспанаға өтемақыны біртіндеп, бірақ барлығы алуын жоспарлап отырмыз. Біздің қатарымызда өз ісіне берілген адамдар қызмет етеді», - деді Е.Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар