1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді
2022 жылғы 30 маусым 20:02

1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтарға арналған үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады -9.00-ден 20.00-ге дейін.

ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қазақстандықтар сондай-ақ «ХҚКО» қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.

Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады

Айта кетейік, кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады.

Аймақ

Бөлімдер

Мекенжайы

1

Нұр-Сұлтан қ.

Есіл ауданының №2 бөлімі

Тұран даңғ. 37/9

2

Алматы қ.

Алмалы аудандық бөлімі

Бөгенбай батыр көш., 221

3

Шымкент қ.

Әл-Фараби ауд. № 1 бөлімі

Жангелдин көш., 13А

4

Алматы обл.

Талдықорған қалалық бөлімі

Н.Назарбаев көш., 67Б- құрылыс

5

Атырау обл.

Атырау қ. № 2 бөлімі

М. Баймұханов көш., 16

6

Ақмола обл.

Көкшетау қ. № 1 бөлімі

Әуезов көш., 189 А

7

Ақтөбе обл.

Ақтөбе қ. № 3 бөлімі

60 лет Октября көш., 20 б

8

Қостанай обл.

Қостанай қ. № 1 бөлімі

Тәуелсіздік көш., 46

9

Қарағанды обл.

Қарағанды қ. № 1 бөлімі

Ержанов көш., 47/3

10

Қызылорда обл.

Қызылорда қ. № 1 бөлімі

Мұратбаев көш., 2Е

11

Жамбыл обл.

Тараз қ. № 1 бөлімі

Қойгелді көш., 158А

12

Маңғыстау обл.

Ақтау қ. № 1 бөлімі

15 ш/а, 67Б ғимараты

13

БҚО

Орал қ. № 1 бөлімі

Жамбыл көш., 81/2

14

Павлодар обл.

Павлодар қ. № 3 бөлімі

Павлов көш., 48

15

СҚО

Петропавловск қ. № 1 бөлімі

Әуезов көш., 157

16

Түркістан обл.

Түркістан қ. № 1 бөлімі

160 квартал, 236 құрылыс

17

Абай обл.

Семей қ. № 2 бөлімі

Б. Момышұлы көш., 22

18

ШҚО

Өскемен қ. №3 бөлімі

Белинский көш., 37А

* Қазақстанның кезекші ХҚКО мекенжайлары



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT