1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕО кеңесі мен Еуропарламент Еуроодақта бірыңғай вакцинация сертификаттарын енгізу туралы келісті. «Жасыл паспорт» деген атпен белгілі мұндай құжат цифрлық түрде болады. Онда әр азаматқа қатысты ковидпен байланысты ауруы, ПТР тестілерінің нәтижелері, вакцинация секілді барлық мәлімет көрсетіледі. «Жасыл паспорт» 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Екпе алған мұндай сертификаттың иесін медициналық себептерге байланысты ЕО еліне кіргізбеуге негіз жоқ.

«Айта кету керек, вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін азамат толық егілді деп саналады. Сертификат қандай доза, қашан егілгені туралы барлық мәліметті көрсетеді. Бұл сертификат елге сізді кіргізуге себеп болуы мүмкін. Бірақ сізге рұқсат берілу үшін сіз толықтай егілуіңіз қажет», - деді Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс.

Тек ЕО немесе ДДҰ деңгейінде мақұлданған вакциналар қарастырылады. Әзірге бұл тізімге Ресей немесе қытай препараты кірмеген. Алайда, Мажарстанда олар белсенді түрде қолданылады. Бірақ ЕО-ның әр еліне өз критерийлеріне сәйкес жалпы еуропалық сертификаты жоқ адамдарға кіруге рұқсат ету құқығы жеке беріледі.


Соңғы жаңалықтар