+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

2019 жылғы 19 маусым 18:06
Бөлісіңіз:
1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілдесінде Әлеуметтік қызметтер порталы пилотты түрде іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтып берді.

«2019 жылдың 1 шілдесінде порталдың бірінші кезеңі іске қосылады, онда адам әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымды таңдай алады. Ең алдымен бұл жоба Ақтөбе қаласында қолданысқа енеді. Себебі, бізде отбасыға кешенді көмек көрсететін цифрлық шешімдер өте көп. Әлеуметтік карта бұл жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ақтөбе облысы E-halyk ақпараттық жүйесін жүзеге асыруға дайын екенін көрсетті. Аталған факторларды ескере отырып, Ақтөбе облысы мақұлданды», - деді С. Жақыпова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылса, қараша-желтоқсан айларында портал Қазақстан бойынша толық іске қосылады. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарында портал мүлтіксіз жұмыс істеуі қажет.

«Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу үшін бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажет. Бұл түзетулер дайын тұр. Әсіресе жыл соңына дейін мемлекеттік сатып алулар туралы, мүгедектерге әлеуметтік көмек туралы, жергілікті мемлекеттік туралы заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Қазір мемлекеттік органдармен келіссөздер жүріп жатыр», - деді вице-министр.

Айта кетейік, әлеуметтік қызметтер порталы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға арналған техникалық құралдарды сатып алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда 685 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар өмір сүреді, оның 421 мыңы - еңбекке қабілетті жаста, 176 мыңы - зейнет жасында ал 18 жасқа дейінгі балалар саны - 88 мың.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT