1 шілдеден әлеуметтік қамсыздандыру саласына бақылау жасайтын инспекторлар жұмысын бастайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа Әлеуметтік кодекске сай, 1 шілдеден бастап ел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары өз қызметіне кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 20 сәуірде Әлеуметтік кодекс қабылданды. Оның жаңашылдықтарының бірі - 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларын енгізу. Олар Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бақылау функцияларын іске асыратын болады. Ол үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары күшейтілді», - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Спикер түсіндіргендей, енгізілетін өзгерістер мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы қызметтер, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнама нормаларын сақтау жөнінде уақтылы және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік бермек. Сәйкесінше, әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылау күшейеді.


Соңғы жаңалықтар