1 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 1 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

8.30-да «Rixos» қонақ үйінде Халықаралық нейрохирургиялық форум және «Нейрохирургия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар» кинофестивалі өтеді. Форумның және кинофестивальдің салтанатты ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов және ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысады.

9.30-да ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде» халықаралық конференциясы өтеді. Шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зертеуллер институтымен бірлесіп ұйымдастырылған.

10.00-де Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясында жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай ашылады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы». Спикер: Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

13.30-да Студенттер саябағында (NS Street Life алаңы) Көше жастары арасында спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында қала жастары арасында көше баскетбол ойынынан турнир өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театрында «Мультфильмдер еліне саяхат» қойылымы ұсынылады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Алтайдан ауған ел» драмасы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар