1 шілдеде Қазақстандағы халық саны 18,5 млн адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілде айында Қазақстанда халық саны 18 млн 507,9 мың адам болды. Бұл өткен жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 235,5 мың адамға көп немесе 1,3 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%, ал ауыл халқының саны 7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8% болды.
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9% артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды.
Елдің аумағында қоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3 710), Алматы (13 650), Нұр-Сұлтан (14 104) қалалары бар.
- Қазақстанда жыл басынан бері 82,5 млн тонна мұнай өндірілді
- Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын дүниеге келді
- Елімізде 500-ден астам босқын бар
- Қазақстандықтардың қай елдерге жиі кететіні белгілі болды
-
Қазақстанда халық санағын жүргізуде ақпараттық технологиялар қолданылады
-
2050 жылға қарай Қазақстан халқы 24 миллионға жетеді - БҰҰ болжамы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам