1 шілдеде ішкі нарыққа арналған сұйытылған мұнай газы қымбаттайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тауар биржаларынан тыс өткізілетін ішкі нарыққа арналған сұйытылған мұнай газының бағасы өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 40 320 теңге мөлшерiнде бекітілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрық-жобасында.

Айта кетейік, сұйытылған мұнай газының бүгінгі шекті бағасы тоннасы үшін - 33 600 теңге.

Бұйрық-жобасы 30 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін, яғни 1 шілдеден бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар