1 шілде. Туған күн иелері
2022 жылғы 1 шілде 08:10

1 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 1 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1958) ақын, «ҚазАқпарат» ХАА Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Жайық-Пресс» ЖШС сарапшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайса-Ғали СЕЙТАҚ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында туған. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақынның өлеңдері баспасөз бетінде 1987 жылдан бері жарияланып келеді. Оның «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы» атты кітаптары жарық көрген. Бір топ жырлары «Қарлығаш» ұжымдық жинағына енген.

Ол республикалық «Жалын» журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының лауреаты, Қ.Мырза Әли атындағы облыстық мүшәйраның бас жүлдегері, Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным - қара шаңырағым» республикалық байқауының екінші жүлдегері болды.

58 жыл бұрын (1964) Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы Венера Хамитқызы СЕЙТІМОВА дүниеге келді.

Қарағандыда дүниеге келді. С.М. Киров атынжағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1989).

Еңбек жолы: Жезқазған «Казлегснабсбытторг» заңгер, Жезқазған ет комбинаты, Сәтбаев горторгы (1989-1997); Жезқазған қалалық сотының судьясы (1997-2002); Ақмола облысы сотының судьясы (2002-2011); Алматы қалалық сотының судьясы (2011-2013); ТМД экономикалық сотының судьясы (2013-2014).

Қазіргі лауазымында - 2015 жылғы қаңтардан бастап.

47 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Есжан Амантайұлы БІРТАНОВ дүниеге келді.

Ол өз қызметін 1998 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің бас дилері лауазымынан бастаған. Департамент құрамында бірқатар қызметтерді атқарып, 2005 жылы осы департаменттің директорының орынбасары болып тағайындалып, Ұлттық Банктің алтын валюталық активтері және 2012 жылы 85 млрд АҚШ долларын құраған, ҚР Ұлттық қорының активтерінің инвестициялық басқаруына жетекшілік етті. Оның тікелей қатысуымен, 2012 жылы ҚҰБ ҰИК құрылған. ҚР Президентінің келісімімен, корпорацияның басқармасының бірінші төрағасы болып тағайындалып, 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін еңбек етті. 2014 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың маусым айына дейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі және жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарушы директоры. 2019-2022 жылдары ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары – ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің басшысы.

47 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің елші-кеңесшісі Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Орталық Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша шығыстанушы-филолог, жапон әдебиеті пәнінің оқытушысы, заңгер, PhD докторы, І хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын «NIKA SERVICE-1» ЖШС мекемесінде директор болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка Департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының инспекторы, ҰКП «Атамекен» Сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық Департаменті секторының меңгерушісі лауазымдарында, 2015-2016 жылдары «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры қызметін атқарған. 2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі. 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдан.

44 жыл бұрын (1978) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры – басқарма төрағасы Талғат Ілияұлы ЕШЕНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. 2006-2012 жылдары Индиана университетінде (АҚШ), Сингапур ұлттық универстетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк университетінің Сэндфор мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Корея мемлекеттік аудит институтында мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын өткен.

Еңбек жолы: 2000-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы орынбасары. 2018 жылдың наурыз-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі міндетін уақытша атқарушы. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.2019 жылдың ақпан-сәуір айларында – Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың мамыр айынан бастап.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT