1 сәуірден бері ресейліктер 93 мыңнан астам ЖСН рәсімдеген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 сәуірден бері ресейліктер 93 045 жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеген. ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 сәуірден бері ресейліктер 93 045 ЖСН алған. Ал ықтиярхатты сол аралықта 4 271 ресейлік рәсімдеген. Оның ішінде 116-сы - этникалық қандасымыз. Ықтиярхат алудың ерекше тәртібі бар екенін білетін шығарсыздар. Оның әрқайсысы өздерінің төлем қабілетін дәлелдеді. Бұл – 1320 АЕК көлемінде, яғни 4 млн теңгеден астам деген сөз», - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтығын алуға ниетті шетелдіктердің санын айтты.

«Ал азаматтық рәсімдеуге 441 тұлға өтініш берді. Оның 117-сі - Ресейден келген этникалық қазақ», - деді Аслан Аталықов.


Соңғы жаңалықтар