1 сәуірден бастап қоғамдық көліктің жолақысы арзандайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімдігі жанар-жағармай бағасының арзандауына байланысты қоғамдық көлікте жүру ақысын арзандату туралы шешімін қабылдады, деп хабарлады Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласы әкімінің аталған қаулысы 30 наурызда күшіне енеді. «Экономикалық ахуалға байланысты қала әкімі Ермек Алпысов 18 наурызда «Талдықорған қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін орнату туралы» қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, жолақы енді 60 теңге болады. Алматы облысы бойынша Әділет департаментінің қорытындысы алынған соң 20 наурызда қаулы жергілікті басылым бетінде жария болды. Он күнтізбелік уақыттан соң бұл нормативтік-құқықтық акті заңды күшіне енеді», - деді Ғ.Жүкел. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні облыс орталығында қоғамдық көлікпен жүру ақысы 70 теңгеге дейін көтерілген болатын. Тарифтің өсуіне ЖЖМ мен қосалқы бөлшектердің бағасы 2012 жылмен салыстырғанда қымбаттағаны негізге алынған. Сонымен қатар, қалалық әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, бірінші сәуірден бастап, қалада енді шағын автобустар жолаушыларды тасымалмадайды. Сол үшін 70-тен астам автобус сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар