1 сәуір. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 1 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

98 жыл бұрын (1925-1998) композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы ТІЛЕНДИЕВ дүниеге келген.

Алматы облысының Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1952-1961 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. 1960-1964 жылдары - Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері. 1968-1981 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы. 1981 жылдан «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды. «Алтын таулар» операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық жолымен» балетінің (Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

8 4 жыл бұрын (1939) жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ дүниеге келді.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

«Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай облыстық телерадио комитетінің редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әдебиет және өнер институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болған. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің хатшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің консультанты. 2001 жылдан бастап Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері болып істейді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметін атқарған. Ғалым Қытайда болған жылдары қазақ халқының тарихына қатысты қытай деректерін аударып, «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «Түріктер. Жыужандар», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптар жазған. 2001 жылдан бері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері болып істейді. Медальдармен марапатталған.

7 4 жыл бұрын (1949) «Қазақстан құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Исмаилұлы ШӘРІПОВдүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1972 жылы Семей зоотехника-ветеринарлық институтын «ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1972-1976 жылдары бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Киров ұжымшарында мал дәрігері, 1976-1979 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Алексеев құс фабрикасында бас мал дәрігері, директордың өндіріс бойынша орынбасары, 1979-1985 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы «Степная» құс фабрикасының бас мал дәрігері, директордың өндіріс бойынша орынбасары, 1985-1995 жылдары Торғай облысы Есіл құс фабрикасының директоры, 1995-2003 жылдары Алматы облысындағы Алексеев құс фабрикасының, «Вент» АҚ, «Сеймар» АҚ, «Когер ЛТД» ЖШС директоры. 2003-2009 жылдары Алматы облысы «Алматы құс фабрикасы» ЖШС директоры болған.

Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан бері.

6 3 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Аманжан Мәкәрімұлы ЖАМАЛОВ дүниеге келді.

Ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты (1998), профессор (2001). 1977 жылы Орал қаласындағы №2 орта мектепті, 1983 жылы Мәскеу темір жол инженерлері институтын, 1998 жылы Мәскеу Тауар өткізу және қызмет көрсету салалары мемлекеттік академиясының аспирантурасын бітірген.

1983 жылы еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Орал локомотив депосында бастап, депо бастығының орынбасарына (1990) дейінгі кәсіби-қызмет жолынан өткен. 1990-1992 жылдары Орал облысының комсомол комитетінде, кейін әртүрлі шаруашылықтық-коммерциялық құрылымда қызмет атқарған. Қазіргі кезде Еуразия халықаралық менеджмент және тілдер институтында сабақ береді. Оның ғылыми еңбектері қаржы саласын басқаруды жетілдіріп, банк ісін ұйымдастыруды жақсарту мәселелеріне арналған. 2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының депутаты («Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған), Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында түрлі қызметтер атқарған. Парламент Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (2016-2021). Парламент Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (2021-2023).

«Құрмет» орденімен (2009); Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған медальмен (2005); «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалімен (2006); «Алтын барыс» төсбелгісімен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005) марапатталған.

57 жыл бұрын (1966) полиция генерал-майоры, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Тілеген Советұлы МӘТКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер Министрлігінің Алматы арнайы орта милиция мектебін, КСРО Ішкі істер Министрлігінің Алматы мектебін бітірген. 1988-1989 жылдары - Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы. 1989-1993 жылдары - Алматы қаласы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы қалалық милиция бөлімшесінің қылмысты іздестіру бөлімінде оперөкілетті, аға оперөкілетті. 1993-1995 жылдары - Алматы қалалық ішкі істер басқармасының маңызды істер жөніндегі аға өкілетті бөлім бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Алатау аудандық ішкі істер департаменті қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Алатау ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитеті мемлекеттік басқарма бастығының орынбасары, Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Жетісу аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 2001-2004 жылдары - Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 2004-2008 жылдары - Қарағанды облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2008-2009 жылдары - Қостанай облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2009-2012 жылдары - Ақмола облысы ішкі істер департаментінің бастығы. 2012-2016 жылдары - Қостанай облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі. 2016-2018 жылдары - Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы. 2019 жылдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

47 жылбұрын (1976) журналист, ҚР Парламенті Мәжілісі VIІІ шақырылымының депутаты Жанарбек Садықанұлы ӘШІМЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бітірген.

Қазақ Ұлттық Университетінде күндізгі бөлімде оқи жүріп, ІІ курстан бастап, яғни 1996-1999 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетiнде тiлшi болып қызмет етті. 2000 жылы републикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» журналында бөлiм редакторы болып жұмыс істеді. 2000-2005 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетiнің әдебиет және руханият, саясат бөлімінде редактор болып қызмет етті. 2005-2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары қызметiн атқарды. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры болып қызмет жасады. 2012 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылы Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі болып сайланды. 2017 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы болды. 2018 жылдың маусымынан - республикалық «Ана тілі» газетінің Бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Жас қаламгерлер» кеңесiнiң төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарды. Парламент Мәжілісі VIІ шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2021-2023).

45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Мәди Төкешұлы ТӘКИЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша (1998); Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша (2005); Халықаралық бизнес университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі бойынша (2011) бітірген.

Еңбек жолы: Ғылым министрлігі - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының бас есепшісі (1998-2000); Алматы қаласының Салық комитетінде инспектор, жетекші инспектор, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімінің басшысы (2000-2008); Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімі, басқармасы басшысы (2008-2009); Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары (2009-2012); ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы (2012-2013); Ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры (2013-2014); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы (2014); Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2017); ҚР Қаржы министрлігі Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы (2017-2019). 2019-2020 жылдары - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі. Қазіргі лауазымын атқаруға 2020 жылғы қыркүйекте кірісті.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. «Салық қызметінің үздігі».

43 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Айбек Арқабайұлы ДӘДЕБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастады.

2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева.

2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды.

ҚР Президентінің сайлауынан кейін 2022 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып қайта тағайындалды.

40 жыл бұрын (1983) Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Махмұтұлы СПАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысы Наурызым ауданының Қарамеңді ауылында туған. 2004 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Инновациялық-консультациялық орталық» қоғамдық бірлестігінде кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде экономика кафедрасының оқытушысы, 2004-2009 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші, бас маман, 2009-2012 жылдары бөлім бастығы, 2012-2014 жылдары басқарма бастығының орынбасары, 2014-2018 жылдары басқарма басшысы болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қаңтарынан.


Соңғы жаңалықтар