Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+30+32℃
  Jańalyqtar  >

1 сәуір күнгі ауа райы болжамы

2023 жылғы 1 сәуір, 05:08

АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында кең әрі суық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, салқын күн райы күтіледі.

Республиканың тек батысында циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түсуі ықтимал. Республика бойынша елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында екпінді жел тұрып, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр күтіледі.

Жетісу облысында, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады.


Автор:

Гүлмира Алякпарова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар