+7 (701) 759 90 19
USD 427.55 EUR 515.84
RUB 5.75 CNY 66.24
Jańalyqtar

1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру басталады

2021 жылғы 26 ақпан 14:15
Бөлісіңіз:
1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғаныс ведомствосы әскерге шақыруды ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты қорғаныс ведомствосы қабылдап жатқан алдын алу шаралары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, ол әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде құрама пункттерде ПТР-талдама алынатынын айтты.

«Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады. Биыл шақырылуға жататын азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылатын болады», - дейді Сәкен Жүсіпов.

Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS- хабарламалар жібереді.

Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы әскери қызмет – бұл әрбір жастың конституциялық міндеті екенін, ал оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салды.

«Ақша беру жолымен көмек көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырыспаңыз. Бұл халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруы кейінге қалдыруды қажет ететін істі қолға алатын алаяқтар», – дейді қорғаныс ведомствосының өкілі.

Полковник Сәкен Жүсіпов бопсалауда, не туындаған мәселелерді шешу ұзаққа созылған жағдайда Қарулы Күштер – адалдық алаңы жобалық офистеріне жүгінуді ұсынды. Әскерге шақыруға байланысты барлық рәсімдер кеңес бере отырып, барынша ашық форматта ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Ол үшін жергілікті әскери басқару органдарында электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар құрылды.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Еске салсақ, Осы жылдың бесінші ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақыру науқанының басталуы туралы Жарлыққа қол қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT