1 наурыздан бастап қазақстандық туристер Грузияға сапар шеге алады

ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат - Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили өткен жылдың күзінде енгізілген қатаң карантин шектеулерінің біртіндеп алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының айтуынша, 15 наурыздан бастап Грузияда барлық дерлік шектеулер күшін жояды. Тек кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейінгі коменданттық сағат пен маска режимі ғана сол күйінде қалады.
25 ақпаннан бастап қалааралық көлік жолға шығады.
Осы аптада муниципалдық көлік демалыс күні де кешкі 21:00 дейін жұмыс істей бастайды.
Сондай-ақ 25 ақпаннан бастап таулы курорттағы қонақүйлер ашылуы мүмкін. Ал ондағы арқан жолдар тек 8 наурызда ғана іске қосылады.
1 наурызда мектепке дейінгі мекемелер ашылады. Жабық ғимараттағы мейрамханалар жұмыс күндері қызмет көрсете бастайды.
1 наурызда кітапханалар мен музейлер ашылады.
Ал 8 наурызда сауда орталықтары мен жәрмеңкелер жұмысын бастайды.
15 наурыздан бастап жоғары оқу орындарының студенттері аудиторияда сабақ өтеді. Осы күні мектеп үйірмелері ашылады.
Спорт залдары, тренажер және фитнес орталықтары да 15 наурыздан бастап қызмет көрсетеді.
1 сәуірде театр қойылымдарын және спорт жарыстарын тамашалауға рұқсат беріледі.
Сонымен қатар премьер-министр Ираклий Гарибашвили 1 наурыздан бастап Армения, Әзербайжан, Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусь туристерінің елге кіруіне рұқсат берілетінін мәлімдеді.
- Израильде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру ережесі күшін жойды
- Коронавирус: Иорданияда вирус жұқтырғандар саны азая бастады
- Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты
- Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды
-
Коронавирус: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр
-
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам