1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов бүгін өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сьезге бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды»,-деп жазды

Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.


Соңғы жаңалықтар