1 наурызда - «Кемсітушілікке жол жоқ»
Ондағы мақсат медициналық мекемелерде кемсітушілікті түп тамырымен жою қажеттілігіне көңіл аударту. Бұл бастама 2030 жылға дейін ЖИТС-ті тоқтату мақсатына қол жеткізу жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылмақ.
«Біз ЮНЭЙДС-тің бастамасын қолдай отырып, өз үлесімізді қосамыз. Аталмыш күнді белгілеу арқылы - қоғам, сондай-ақ әрбір адам өзінің адами құндылығын сақтай отырып, толыққанды және продуктивті өмір сүруге тең құқығы барын көрсетуге қол жеткіземіз», - дейді Астана қаласы ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі Інжу Аймағамбетова.
Маманның айтуынша, ешбір адамды оның жынысы, гендерлік және нәсілдік ерекшелігі, жасы, мүгедектігі, этникалық шығу тегі, сондай-ақ жыныстық көзқарасы, діни нанымы, денсаулық жағдайы және басқа да белгілер бойынша кемсітуге болмайды.
«Өкінішке орай, қазіргі қоғамда осындай кемсіту жолдары жиі кездеседі. Оның салдары біздің мамандарымызға алдын алу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп жатады», - дейді дәрігер.