1 наурызда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 1 наурызында Армения Республикасынан елімізге әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі аяқталады. Қазақстан аумағына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді рәсімдеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елордада автокөлікті 20-40 көшесіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен сенбі аралығында 9.00-16.30 аралығында тіркеуге болады.
Сондай-ақ 2021 жылдың 3 ақпанынан бастап елордада көліктерді қауіпсіздік хаттамасынан өткізетін (рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған, қайта жабдықталған автокөліктер) «Ұлттық сараптама және сертификациялау орталығы» АҚ Сынақ орталығы жұмысын бастады. Сынақ орталығына автокөлік иелері Алаш тасжолы, 1 «А» мекенжайы бойынша немесе 8 (717)2 25-14-47 нөміріне хабарласып жүгіне алады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығында 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 10.00-17.00 аралығы.
Автокөлік ҚР СТ 1418-2018 және Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 08/2011 техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.
- Жалған көлік нөмірімен жүрген қызылордалық жылдамдықты 60 рет асырған
- Жамбыл облысында 77 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды
- «30 игі іс»: Атырауда 700 отбасы жыл бойы азық-түлікпен қамтылады
- ШҚО-да қар көшкінінен «Өскемен-Алтай» трассасы жабылды
-
Түркістан облысында 1-5 сыныптар аралас форматта оқи бастады
-
4 наурыз күнгі ауа райы болжамы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам