+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 1 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 1 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады Ресейдің Ростов облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Алғыс айту күні

Бұл мереке ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Елбасы Н.Назарбаев бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін Алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.

Дүниежүзілік мадақтау күні

Мерекені бекіту идеясы – қарапайым адамдардың бір күнді ерекше, жылы, мейірімге тола есте қаларлықтай етіп өткізуді қалауы. Мадақтау дегеніміз – кісі бойындағы әдемілікті, сұлулықты көре білу. Сол адамға жағымды мадақ айту. Айналаңдағы жандардан мадақтау есту, әрине, көңіліңнің хошын келтіретіні сөзсіз.

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) ІХ сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.

«Кемсітушілікті болдырмау» күні

АИТВ ауру таралуын тоқтатып, ЖИТС эпидемиясын жеңу үшін, БҰҰ бірлескен бағдарламасы бастамасымен атап өтіледі. Мақсаты – аталмыш вирусты жұқтырған адамдарды кемсітуді болдырмау.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1972 жылы Қазақстандағы ең ірі көпсалалы университтердің бірі - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды.

1993 жылы Алматыдағы Космонавтар көшесі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көше болып өзгерді.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстанның тұңғыш Президенті Ассамблеяның төрағасы болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын анықтап, бекітеді, сонымен қатар сессиясын шақырады. Ассамблея құрамы мемлекеттік органдардың, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, сонымен қатар қоғамдық-саяси белсенді тұлғалардан тұрады. Ассамблеяның 350 мүшесі бар. Жалпы Қазақстанда 130-ға жуық этнос мекендейді.

1995 жылы Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке «Алтын Жұлдыз» бен «Халық Қаhарманы» атағы берілді. Осындай наградаларды сондай-ақ Т.Мұсабаев пен Ю.Маленченко алды, сонымен бірге оларға «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы берілді.

1999 жылы «Отан» Республикалық партиясы құрылды. 2006 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен «Отан» партиясы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына айналды. 2013 жылдың 18 қазанында атауы «Нұр Отан» партиясы болып өзгерді.

2005 жылы Корея Шетелдік зерттеулер университетінде (Корея Республикасы) алғаш рет қазақ тілі бөлімшесі ашылды.

2010 жылы Астанада Мемлекет тарихы институты жанынан докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес ашылды. Бұдан былай елордада тарих саласы бойынша докторлық диссертацияларды екі мамандық бойынша - отандық тарих (Қазақстан Республикасының тарихы) және тарих жылнамасы, дереккөзтану және тарихи зерттеулер әдістемесі мамандықтары бойынша қорғауға болады.

2010 жылы Варшавада «Қазақ киіз үйі». Владыслав Соколовски. Өнер, мәдениет, білім, халықаралық консалтинг және сауда орталығы» жаңа ұйымы ашылды. Оны поляк дипломаты және қоғам қайраткері, Польшаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі (2003-2006), поляктың «Менің Қазақстаным» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Владыслав Соколовски құрды. Қазақстан мәдениеті мен өнерін бағалай білетін ол қазақ киіз үйінің ішін жасаулап, қазақ музыкалық аспаптарын, бас киімдерді, керамика мен қоладан жасалған шеберлердің көне жәдігерлерін қойды. «Қазақ киіз үйі» ұйымы Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған.

2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесіп, БҰҰ Алматы халықаралық моделін өткізді. Бұл жаһандық студенттер жобасына түрлі елдерден келген 100-ден астам студент қатысты.

2013 жылы ҚР Ұлттық банкі қазақ композиторы, дирижер, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған 50 теңгелік ескерткіш монета шығарды.

2016 жылы Қазақстан жолдардағы апаттық жағдайлар орын алғанда жедел қызметтерді шақыруға бағытталған спутниктік «ЭВАК» жүйесін енгізді.

2017 жылы Discovery Communications компаниясының бөлімшесі Discovery Networks CEEMEA Қазақстанның ұлттық операторы «Казтелерадио» АҚ әріптестік аясында бірлесе отырып Қазақстанда жаңа арна - Discovery Showcase HD ашты. Discovery Showcase HD Қазақстандағы аудиторияға өздерінің сүйікті шоуларын HD-форматында мемлекеттік тілде тамашалауға мүмкіндік ұсынған алғашқы шетелдік арна болды.

2018 жылы Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) 2018 жылды «Мағжан жылы» деп жариялады. Бұндай шешім ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай қабылданды.

2019 жылы археологтар Түркістандағы «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағынан, Қарашық өзенінің оң жағалауынан балшықтан кірпіш күйдіруге арналған пешті тапты. Бұл шамамен XIV ғасырға тиесілі. Осы жерден түсті металдар балқытатын пеш орны да анықталды, ол антика дәуіріне тиесілі болып отыр. Археологтар кірпішті кептіретін орынды да аршыған.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT