1 мыңнан астам жұмысшы Алматы көшелерін қардан тазартуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қар тазалауға 574 арнайы техника мен 1190 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 4 желтоқсан күні кешкісін жауа бастаған қар әлі де тоқтаған жоқ. Осы аралықта қалаға 4-6 см, таулы аудандарда 8-10 см, тау бөктеріне 14-16 см қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайырықтарынан түсер жерге арнайы материалдар шашылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақтарды қардан тазарту жалғасуда.

Түнгі қар шығару жұмыстарына 537 техника, оның ішінде 200 құмлақтырғыш және 576 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын.

5 желтоқсан күні 574 арнайы техника мен 1190 жол жұмысшысын тарту жоспарланған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін ауа температурасы күндіз -1, -3. Қар жауады.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар шығару жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.


Соңғы жаңалықтар