АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатында вебинар өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Вебинар 28 наурыз күні сағат 15:00-де Facebook желісінде онлайн өтеді.
«Мұндай вебинарлар педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың, оқу үдерісін басқарудың тиімді жолдарын көрсету, сонымен қатар коучинг арқылы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың өміріндегі қиын жағдайларды шешу мақсатында өткізіледі», - дейді даму және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаева.
Вебинар барысында қатысушылар бүкіл сұрақтарға толық жауап алады.