1 мың алғашқы медициналық көмек дәрігері жетіспейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 1 мың алғашқы медициналық көмек дәрігері жетіспейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті 520 мекеме көрсетеді және олардың 30 пайызы жеке меншік ұйымдар болып табылады. Алғашқы медициналық көмек нысандарының негізгі бөлігі ірі емханалар болып саналады. Қазіргі таңда орта есеппен алғанда әр емханаға 20-дан астам учаске тиесілі. Бұл дәрігерлердің бір жерге жинақталуына, кезектердің пайда болуына және «қадамдық қолжетімділіктің» болмауы сияқты проблемаларға әкеледі»,- деді министр.

Оның дерегінше, еліміздің алғашқы медициналық көмек ұйымдарында 11 000 учаскіде 9 000-нан астам дәрігер мен 25 000-нан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігерлердің 43 пайызы мен орта медицина қызметкерлерінің 49 пайызы ауылдық елді мекенде қызмет етуде.

«Осылайша, қазіргі уақытта алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 1 000 маманды құрайды. Көп өңірде дәрігерлер іс жүзінде 2 учаскеде жұмыс жасауда. Осыған орай, 1 дәрігерге 1 900-дан астам адам тіркелген, бұл мемлекеттік нормативтен 200-ге жоғары», - деді Е.Біртанов.

Соңғы жаңалықтар