+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

1 млрд теңге залал: Каспий теңізінде браконьерлер ұсталды

2020 жылғы 28 мамыр 13:34
Бөлісіңіз:
1 млрд теңге залал: Каспий теңізінде браконьерлер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұсталған браконьерлерден бекіре тұқымдас - 3,8 тонна, ұсақ тұқымды 2,5 тонна балық, сондай-ақ 43 итбалық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы 31 наурыздан бастап Каспий теңізінің қазақстандық секторында 98 құқық бұзушы ұсталған. Оның ішінде 14-і – мемлекеттік шекара режимін және 71-і аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзғандар.

«65 жүзу құралы, 42 қозғалтқыш, 4 көлік құралы, браконьерлік аулау аспаптары (236 шақырымнан астам ау және ілмегі бар арқан, 66 тұзақ, 55,1 мың ілгек және басқалар) тәркіленді.

Браконьерлік заңсыз айналымнан 763 дана (3,8 мың кг) бекіре тұқымдас, 4947 дана (2,5 мың кг) ұсақ тұқымды балық, сондай-ақ
43 итбалық алынды. Браконьерлер келтірген зиян 85,6млн теңгеге бағаланып отыр», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен.

Браконьерлерден тәркіленген 3824 тірі балық (оның ішінде 695 бекіре тектес) және 43 итбалық су айдынына қайта жіберілді. 1,88 млн теңгеге айыппұл салынды.

«Жалпы, 1 млрд. теңгеденартық мөлшердегі экологиялық залалға жол берілмеді. Іс-шаралар жалғасуда», - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT