+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

1 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады

2020 жылғы 1 маусым 02:08
Бөлісіңіз:
1 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -1 маусымда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың қалған аумағында ыстық ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында ескерту жарияланды Бүгін Атырау облысында 36 градус аптап ыстық болады

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп,найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түнде Атырау, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Алматы, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында аптап ыстық күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT