1 маусым. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 1 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

83 жыл бұрын (1940-2010) әдебиет зерттеушісі, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері Рымғали Нұрғалиұлы НҰРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1968-1986 жылдары осы университеттегі филология факультетінің доценті, профессоры, деканы қызметтерін атқарған. 1986-1997 жылдары – Қазақ энциклопедиясының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Терминология, ономастика және мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі. Оның басшылығымен «Қазақ КСР: Қысқаша энциклопедия», «Балалар энциклопедиясы», «Қарағанды», «Алматы», «Абай», «Ислам» энциклопедиялары шықты. Әдеби зерттеу еңбектері ұлттық драматургияның даму тенденциялары мен теориялық мәселелеріне арналған. Негізгі зерттеулері «Сабыр Шәріпов. Өмірі мен шығармашылығы» (Б. Кенжебаевпен бірге), «Трагедия табиғаты», «Талант тағдыры», «Күретамыр. Қазақ драматургиясының поэтикасы», «Өнер алды - қызыл тіл», «Қазақ драматургиясы», «М. Әуезов және Алаш». Оның «Дән», «Жартастағы қарағай», «Атшабыс ертең», «Оқ» прозалық жинақтары бар. Сондай-ақ Л. Толстойдың «Әзәзіл» повесін, Н.Ф. Погодиннің «Салтанат жырын» қазақ тіліне аударған. 300-ден астам жұмысы Франция, Түркия, Үндістан, Қытай және басқа да мемлекеттерде басылып шыққан. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

73 жыл бұрын (1950) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Әукенұлы БАЙБОСЫНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген.

1969-1988 жылдары – «Гүлдер» ансамблінің әншісі әрі Алматы эстрада-цирк студиясының оқытушысы. 1988-1999 жылдары – Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болған. Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры. Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция Испания, Италия, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шетел тыңдаушыларына танытты.

6 1 жы л бұрын (1962) Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы САБИЛЬЯНОВ дүниеге келді.

Семей облысы Аягөз ауданы Шыңқожа ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылғы шілде айында Аягөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады. 1980 жылғы қарашадан бастап 1982 жылғы желтоқсан аралығында Совет Армиясы қатарында қызметін өтеді. 1983 жылғы қаңтар-қараша аралығында «Нарын» кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болды. 1988-1990 жылдары Алматы электротехникалық зауытында экономист болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап 2004 жылғы қараша аралығында «Сарыарқа» акционерлік қоғамында («Сарыарқа-Алуан» ЖШС) бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап қаржы жөніндегі вице президент-бас бухгалтер, басқарма мүшесі болды. 2004 жылғы 3 қарашадан бастап 2007 жылғы 20 маусым аралығында – үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ШҚО (Аягөз, Жарма, Үржар аудандары) № 25 сайлау округі бойынша сайланды. 2007 жылғы 27 тамыздан бастап 2011 жылғы 15 қараша аралығында - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланды. 2012 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы наурызға дейін – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланды. 2016 жылғы наурыздан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша сайланды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі VI шақырылым депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (2016-2021); «Сарыарқа-Алуан» ЖШС Басқарма мүшесі (2021 жылдың маусымы – 2022 жылдың қаңтары); 2022 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі. Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынан атқарып келеді.

60 жыл бұрын (1963) Астана қаласы Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Латкенұлы АҚПОМБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. 1981 жылы Павлодар есеп-экономикалық техникумын ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп мамандығы бухгалтер біліктілігі бойынша, 1987 жылы А.В. Хрулев атындағы Қызыл жұлдыз ордені атындағы Ярослав жоғары әскери қаржы училищесін әскерді валюталық-кассалық және несие-есептесу қамсыздандыру мамандығы экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша, 2001 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы экономист біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Павлодар облысы Железинский ауданы Прииртышский ауылында бухгалтер ретінде бастаған. 1981 жылғы қазаннан бастап 1983 жылғы тамыз аралығында мерзімді әскери қызметте болған. 1987 жылғы қыркүйек пен 1990 жылғы маусым аралығында – Мембанк далалық мекемесінің касса бастығы (Германия, Дрезден қ.). 1990 жылғы маусым мен 1992 жылғы шілде аралығында – Мембанк далалық мекемесінің Батыс әскери тобының аға бухгалтері, бас бухгалтері (Германия, Гримма қ.). 1992 жылғы шілде мен 1993 жылғы қаңтар аралығында – РФ Орталық банкі далалық мекемесінің бас бухгалтер орынбасары – операциялық тобының бастығы (Байқоңыр қ.). 1993 жылғы қаңтардан қазанға дейінгі аралықта – Павлодар қаласы Ильичевск аудандық әскери комиссариатының бөлімше бастығының көмекшісі. 1993 жылғы қазан мен 1998 жылғы шілде аралығында – Павлодар облыстық әскери комиссариатының қаржы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бастығы. 1998 жылғы шілде мен 2014 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің ұйымдастыру-жоспарлау, ақшалай жабдықталым, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Экономика және қаржы департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. 2014 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы маусымға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болған. 2018-2019 жылдары Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, еңбек сіңірген жылдары үшін 14 мерейтойлық медальмен марапатталған.

52 жыл бұрын (1971) ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Наурызұлы ҚЫЛЫШБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы инженері; Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтты заңгер мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің мал шаруашылығы бөлімінің жетекші инженері; Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі; Жамбыл облысы әкімі аппаратында бөлім бастығы; Жамбыл облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы; Алматы қаласында «Жігер» ААҚ төрағасы; Алматы облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары (2011-2013); Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (2013-2016). Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы (2016-2021).

Қазіргі қызметінде 2022 жылғы ақпаннан бастап.

50 жыл бұрын (1973) Алматы қалалық сотының судьясы Талғат Қожанұлы БАРАТБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында туған. Талдықорған заң институтын бітірген, адвокат (1998).

Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан облысының «Төлеби» шаруа қожалығының қызметкері (1992-1994 жылдары); ОҚО Төлеби халық сотының сот орындаушысы (1994-1995); Оңтүстік Қазақстан облысының әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маман, бөлім бастығы (1995-1997); Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы және консультанты (07.1997-10.1997); Әділет департаментінің жетекші маман кеңесшісі – Оңтүстік Қазақстан облысы атқарушылық қызмет департаментінің директоры (1997-1998); Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы (1998-1999); Алматы қаласы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы (1999-2000); Алматы облысының Әділет басқармасының бастығы, бастық орынбасары (2000-2002 жылдары); Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы (2002-2005); Шымкент қаласы Абай аудандық сотының төрағасы (2005-2008 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департамент бастығы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары (2009-2011 жылдары); Астана қаласы прокурорының орынбасары (2011-2014 жылдары); Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы (2014-2015 жылдары); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2015-2017); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2017-2018); Түркістан облыстық сотының төрағасы (2018-2020).

2020 жылдың қазанынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1983) «Нархоз университеті» КЕАҚ президенті (басқарма төрағасы) Мирас Мұхтарұлы Дәуленовдүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 2012 жылғы тамызда «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2015-2018 жылдары – М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары. 2018-2019 жылдары – М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының директоры. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі.

2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар