1 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Назарбаев зияркерлік мектебінде Respublica партиясы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

10.00-де ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде 13-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі басталады.

11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік рәміздер, сондай-ақ ономастика саласындағы өзекті мәселелер туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың туғанына 85 жыл толуына және Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековке құрмет көрсету мақсатында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

11.00-де су-құтқару базасы және қалалық жағажай аумағында елордалық ТЖ департаменті балалардың, өрт сөндіруші-құтқарушылардың, кинологтардың, сүңгуірлердің қатысуымен ауқымды шара өткізеді.

12.00-деПрезидент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлы; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Ерікқызы; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы; ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав Юрьевич; ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Оспанова Насымжан Жамбекқызы; ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығы Оспанов Әсет Омарұлы; ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі комитетінің төрағасы Дербісов Нұрболат Бекболатұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

13.00-деҰлттық академиялық кітапхананың М.Мақатаев залында 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдәурен» мерекелік шарасы өтеді.

13.00-де Нұржол бульварында республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы балаларды қорғау күніне орай ата-аналар мен балалар шеруін өткізеді.

15.00-деПрезидент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер:ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Ерікқызы; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Оспанов Ербол Дүйсебайұлы.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

16.00-деЖақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында паралимпиадалық спорт түрі - боччадан Қазақстан чемпионаты ресми ашылады.

19.00-де Astana Opera театрында «Мадам Баттерфляй» операсы қойылады.

19.00-деНомад Сити Холл сахнасында «Болмаған балалық шақ» драмасы сахналанады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар