1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет», - деді Президент.

Осы орайда Мәмлекет басшысы барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды екенін қадап айтты.


Соңғы жаңалықтар