1 мамыр - Қазақстандағы барша халықты біртұтас мемлекетке жұмылдырады - раввин Е. Коген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр мерекесі қазақ топырағында тұрып жатқан барша халықты біртұтас мемлекетке жұмылдырады. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай қазақстандықтарды құттықтаған Қазақстан Республикасындағы бас раввин Ешая Коген осылай айтты.

«Қымбатты қазақстандықтар! Құдайға шүкір, аласапыран әлемде Қазақстан тұрақтылық аралына айналып, толеранттылық пен достықтың, өзара қолдаудың үлгісіне айналып отыр.

Украина аумағында өмір сүріп жатқан халықтар үшін күрделі кезеңге айналған бүгінгі күні, саяси алауыздық әсері арқылы адамдар тағдырының қалай шешіліп жатқанын көре отырып, біз бұрынғыдан да ауызбіршілікті нығайтып, қоғамды жікке бөлуге соқтыратын сыртқы және ішкі әсерлерге белсенді түрде қарсы тұруға тиіспіз. Тарихтың өзі бізді мәңгілік адамзаттық құндылықтарға ұмтылыстың: Құдайға деген сүйіспеншіліктің, адамзатты сүюдің және бір-біріне қамқор болудың біздің шаңырағымызға бейбітшілік пен игілік әкелетініне үйретеді», - делінген раввиннің құттықтауында.

Сонымен қатар Е. Коген барша қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтай отырып, бұл мейрамның қазақ топырағында тұрып жатқан барша халықты біртұтас мемлекетке жұмылдыратынын атап өтеді.

«Ең бастысы, Қазақстан халқына және Жер әлемінің барша халықтарына достық, бейбітшілік пен игілік тілеймін!», - делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар