1 қыркүйектен бастап елорда балабақшаларында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қаржыландырудың жаңа моделін тиімді енгізу мақсатында Нұр-сұлтан қаласы бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 200 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысын ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын сынақтан өткізу жүргізілетін болады», - деді Ш. Сейсенбай қалалық мәслихаттың жалпы отырысында жасаған баяндамасында.

Оның айтуынша, бүгінгі күні елордада 52 307 балаға арналған 419 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта елордада мемлекеттік – 100, жеке меншік – 272 (оның ішінде 262-де мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған), шағын орталықтар – 44, оның ішінде 2 жеке меншік және 3 ведомстволық ұйым жұмыс істеп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бас қалада балабақша саны 42-ге ұлғайды», -дейді ол.
Соңғы жаңалықтар