1 қыркүйекте дәретханасы далада орналасқан мектеп болмауы тиіс - Аймағамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір жылдың ішінде елімізде 1 600 мектепте жылы дәретхана салынды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, жылы дәретханаларға қатысты көп мәселе болды, әлі де қалып отыр. Президент тапсырмасы бар екендігін білесіздер. Осыдан 1 жыл бұрын ған елімізде далада орналасқан 1 700 дәретхана болған еді. Бір жылдың ішінде 1 600 жылы дәретхана салынды. Жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс жүргізді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Дегенмен, ол әлі де болса 100 мектептің дәретханасына қатысты проблема қалып отырғандығын айтты.

«Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз таяу уақытта, ары кеткенде 1 қыркүйекте бұл тапсырман толық шешу тапсырмасын шештік. Таяуда ғана бұл мәселені ҚР Үкімет жанында жұмыс істейтін Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қарадық», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар