1 қыркүйекте Ақмола облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 1- қыркүйекте Ақмола облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Білім күні тарту ретінде Щучье қаласында 910 орындық қазақ мектеп-лицейі есігін айқара ашса, Ерейментау қаласында 200 орындық орта мектеп, Еңбекшілдер ауданының Мақпал ауылында 80 орындық мектеп, Целиноград ауданының Тайтөбе ауылында 300 орындық орта мектеп және Преображенка ауылында 40 балаға арналған бастауыш мектеп пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, жақында Ақкөл қаласында қалпына келтірілген балалар үйі мен Көкшетау қаласының «Көктем» шағын ауданындағы жаңа балабақшаның тұсауы кесілді. Оған қоса, осы жылдың қазан айында Целиноград ауданының 96 разъезінде салынып жатқан жаңа мектеп пен облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде құрылысы қолға алынған жаңа балабақшаны да тапсыру көзделген.

Еске сала кетейік, облыстық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде, Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мың  оқушы мен 26,7  мың студент білім алуда. Облыста 36,7 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда.  Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттады.

null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар