1 қазаннан бастап Павлодар облысынан шығатын жолдар ақылы болады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысынан шығатын республикалық жолдар 1 қазаннан бастап ақылы болады. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ақылбек Қабылдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz- ке сілтеме жасап.

- 1 қазанда Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытындағы ақылы жүйеге енгізу жоспарлануда. Ал, 1 қарашада Павлодар-Омбы, Павлодар-Семей бағытындағы жол ақылы болады. Бірақ бұл екі бағытта тек шет ел азаматтары үшін ақылы болады, - деді Ақылбек Қабылдин.

Ақылбек Қабылдин республикалық маңызға ие жолдардың күтімі туралы да айтты. Бүгінде Павлодар облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 1662,8 шақырымда құрайды.
- Республикалық жолдарда 28 мың шаршы метр аумақта шұңқырлар жамалды. 15 шақырым жолда 2 миллиард теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде. 118 шақырым жолда 3,3 миллиард теңгеге орташа жөндеу жасалып жатыр. Сондай-ақ биыл жолдарды күтіп ұстауға 1,9 миллиард теңге бөлінді, - деді Ақылбек Қабылдин.

Сонымен қатар, филиал басшысы Ертіс өзеніне салынатын жаңа көпір жобасының сараптама қорытындысын қараша айында шығады деп жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар