1 қазанға дейін білім нысандары жылыту маусымына 100% дайын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қазанға дейін білім беру нысандары, 15 қазанға дейін – өзге нысандар жылыту маусымына 100% дайын болуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баяндады.

Оның айтуынша, қысқа дайындық жұмыстары биыл шілде айында басталған.

«Жылыту маусымына дайындық мақсатында министрлік арнайы жұмыс жоспарын бекітті. Жоспар бойынша, шілде айында қысқа дайындық жұмыстары басталды. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дайындау аясында 10 212 дербес қазандық (96%), 4,8 мың шақырым жылумен жабдықтау желілері (96%), 14,5 мың сумен жабдықтау желілері (96%) жөндеуден өтті», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік жоспарына сәйкес, 1 қазанға дейін білім беру объектілері - 100%, 15 қазанға дейін – қалған нысандар жылыту маусымына дайын болуы тиіс.

«Әзірге білім нысандарының 99,6% жылытуға дайын. Батыс Қазақстан облысында 21 объектіде оқу процесіне әсер етпейтін күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы – 98,6%, тұрғын үйлер дайындығы – 94,9%», - деді Қ. Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар