1 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ШЖҚ «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында» дәрігерлерге отоларингологиядағы күрделі жағдайлар бойынша шеберлік сыныбы өтеді.

11.00-де Ұлттық теннис орталығында «Astana Open» ATP 500 турнирі басталады.

15.00-де Астаналық циркте Халықаралық қарттар күніне орай қарттар үйінен, балалар үйінен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан келген көрермендерге Ю.Никулин циркі бағдарламасы көрсетіледі.

19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында халық аспаптар ансамблінің «Күзгі сезім» концерті өтеді.

19.00-де Астана балет театрында дирижер Элмар Бөрібаевтың Music Tour. The way back home в Astana Ballet концерті ұсынылады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Ән базары - Қараөткел» тарихи-музыкалық кеші өтеді.

19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында «Ne prosto orchestra» саундтректер кеші өтеді.


Соңғы жаңалықтар