+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленеді

2020 жылғы 2 қыркүйек 10:49
Бөлісіңіз:
1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қарашасына дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Мемлекет басшысы балық өсіру саласына ерекше назар аударды. Осы саланың әлеуеті айтарлықтай зор. Бұл туралы жақында өткен Үкімет отырысында жан-жақты баяндадым. Асқар Ұзақбайұлы, Сіздің тапсырмаңызды орындау үшін 1 қарашаға дейін әкімдіктермен бірлесіп балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленетін болады. Өңірлік индикаторлар анықталады. Біз өткен аптада әкімдіктердің, ғылыми ұйымдардың және бизнестің қатысуымен тиісті жиналыс өткіздік. Бұл ретте, облыс әкімдерінен өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты орынбасарларын белгілеуді сұраймыз», - деді министр.

Сонымен қатар ол орман шаруашылығы саласында 2030 жылға қарай орманшылық үлесін ағымдағы 4,7 пайыздан 5 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.

«5 жыл ішінде орман қорында 2,0 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады. Елорданың айналасындағы жасыл белдеу 2023 жылға қарай ағымдағы 87,8 мың гектардан 100 гектарға жетеді. Осыған байланысты әкімдіктер мемлекеттік орман қоры бойынша және әрбір елді мекенде ағаштардың отырғызу көлемін анықтауы қажет», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT